Есірткі заттарын қолданудың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 9–11 сынып оқушыларымен профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында әлеуметтік педагог Ахмедьярова А.К.-ның қатысуымен тақырыптық бейнеролик көрсетілді.
Бейнероликте есірткінің адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және қоғамдағы өміріне тигізетін зияны туралы ақпарат берілді. Оқушылар бейнематериалды қызығушылықпен қарап, өз ой-пікірлерін білдірді.
Іс-шара соңында оқушыларға есірткі заттарынан аулақ болудың маңыздылығы түсіндіріліп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырылды.


