Еңбек – ұлы іс. Оған сай келетін мамандық та болуы керек. Біз қолданатынның бәрі, тұрып жатқан орнымыз, жейтін тағамымыз – барлығы адамның қолымен жасалған. Қазіргі даму ғасырында дұрыс мамандық таңдай білу, еңбек ете алу, мінез қалыптастыру және табысқа жету өте маңызды.
Біреулер бала кезінен бір мамандықты армандайды, ал біреулер өз шақыруын кейін табады.
Мектептің кәсіби бағдар берушісі Абышова Ж.Н 8-сынып оқушыларымен «Болашаққа қадам жаса» атты танымдық сабақ өткізді.

