«Чермошнян орта мектебі» КММ-де жалпыұлттық диктант өткізілді. Акцияның мақсаты — мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту, қазақ тілінде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру және тіл мәдениетін арттыру. Іс-шараға мектеп педагогтары қатысып, мемлекеттік тілге деген құрмет пен жоғары азаматтық ұстаным көрсетті.

