Нашақорлықтың алдын алу — «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Чермошнян орта мектебі» КММ

Нашақорлықтың алдын алу

Есірткі заттарын қолданудың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 9–11 сынып оқушыларымен профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында әлеуметтік педагог Ахмедьярова А.К.-ның қатысуымен тақырыптық бейнеролик көрсетілді.
Бейнероликте есірткінің адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және қоғамдағы өміріне тигізетін зияны туралы ақпарат берілді. Оқушылар бейнематериалды қызығушылықпен қарап, өз ой-пікірлерін білдірді.
Іс-шара соңында оқушыларға есірткі заттарынан аулақ болудың маңыздылығы түсіндіріліп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырылды.
Достармен бөлісу
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Чермошнян орта мектебі» КММ